Рухани жаңғыруды 80 пайыз халық қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыруды 80 пайыз халық қолдайды

15.09.2017

Соңғы он жылда елімізде музей, клуб, кинотеатрлар саны 50 пайызға артты. Сонымен қатар, кітапханалар 20 пайызға, театрлар 30 пайызға көбейген. Мұны бүгін Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бойынша өткен конференцияда айтты. Оның сөзінше, осындай мәдени жетістікті әлемге паш етуіміз керек. Халықаралық шараға мемлекеттік органдар, еліміздің және шетелдік сарапшыларымен қоса, 100 адам қатысты. Жиында Қазақстанның заманауи мәдениетінің жаһандағы рөлі сөз болып, рухани жаңғыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, конференцияда латын әліпбиіне көшу жайы талқыланды. Осы уақытқа дейін жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың 80 пайызы рухани жаңғыру қажет деп есептейді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу