100 қасиетті орынға Астанадан 8 нысан кіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100 қасиетті орынға Астанадан 8 нысан кіреді

18.09.2017

«Рухани жаңғыру» туған өлкені танудан басталады. Астана қаласының бір топ студенті мен оқушысы қала іргесіндегі  Бозоқ ежелгі қалашығына барып, тарихымен танысты. Шараны Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған. Жастарға 8 ғасырдың ежелгі қаласы туралы қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың өзі әңгімелеп берді.

Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 100 киелі орын тізіміне Астана қаласынан сегіз нысан кірген. Оның ішінде «Бәйтерек» пен «Мәңгілік ел» монументі де бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу