Жаһандану заманында ұлттық санадан ажырамау қажет. Ал, ұлттық сананың өзегі тіл мен ділде жатыр. Алматыда өткен алқалы жиында «Рухани жаңғыру жағдайында мемлекеттік тіл саясатын талқылаған белді ғалымдар осыны жеткізді. Олардың ойынша, латын әліпбиіне көшу туған тіл үшін жасалған игі қадам. Тек латын қарпіне өту үшін алдымен тіл заңдылығы мен тазалығын сақтау шарт. Оған қоса, бұл бастама халықаралық дәрежеге шығуға апаратын жолдардың бірі.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ