Меркі ауданында жазушы Мұрат Әуезовпен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меркі ауданында жазушы Мұрат Әуезовпен кездесу өтті

02.11.2017

 «Рухани жаңғыру» мақаласын көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында  Меркі ауданында  жазушы Мұрат Әуезовпен кездесу өтті. Жылы жүздесуге зиялы қауым өкілдері мен аудан жұртшылығы қатысты. Кездесуде  қоғам қайраткерінің соңғы еңбектері жинақталған «Ділім» кітабы көпшілікке таныстырылды. Шығармадан автордың  еліне деген айрықша махаббатын анық байқауға болады. Жазушы  осы жолы мектеп оқушыларымен бірге 100 тал мен 100 гүл отырғызып, жастарды ұлтжанды болуға шақырды.  

Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері:

- Меркі қасиетті жер. Осында дүниеге келдім. Ол қиындау кез болды. Ал, бірақ жанұямызды аман-есен осы Меркі сақтап қалды десек те болады. Табиғаты керемет, тарихы терең, адамдары да ерекше деуге болады. Меркінің аудандық мұражайынан маған да бір орын табылғаны, бұл үлкен құрмет.

Хабарламаларға жазылу