Оған аталған кітапхананың көшпелі көрмесімен келген арнайы делегация қатысты. Көпшілік оқырман залының жабдықталуымен танысып, мүмкіндіктерін көрді. Жалпы, мұнда тәуелсіздік тарихын қамтитын 1500-ден аса кітап қоры бар. Сондай-ақ, электронды кітап оқимын дегендерге де барлық жағдай жасалған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жоба арқылы болашақ аграрлық саланы дамытатын жастарды азаттық жылдарындағы еңбектермен тереңірек танысады. Ал, оқырман қауымды көптеп тарту үшін алдағы уақытта әлемдегі озық техникалық құрал-жабдықтарды орнатылмақшы.
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
- Бұл - ашық орталық, ашық орталықта тек қана біздің университеттің жастары емес, ұстаз ғалымдары емес, Алматы қаласының тұрғындары, Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институттары, басқа да университеттің жастары келіп, біздің орталықты пайдалануға болады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ