«Дәстүр: Кеше, бүгін, ертең». Осындай атаумен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегмановтың төрт томдық этнографиялық кітабы жарық көрді. Кешегі дәстүр мен бүгінгі заман талабын ұштастыра отырып жазылған кітап 1 мың дана болып басылған. 10 жылдық зерттеудің қорытындысы, уақыт талабына жауап беретін басылым энциклопедиялық деңгейге татиды. Әлемдегі барша қазақтың тағдыр талайынан, қастерлі құндылықтарынан сыр шертер бірегей төрт томдық ақпараттық байлығымен қатар, тәрбиелік мәні де зор.
Қасымхан Бегманов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, кітаптың авторы:
- Негізгі мақсат - жастардың мемлекетшілік қасиетін ояту. Жастар мемлекетшіл болмайынша, ұлы ұлт болып қалыптасу, ұлы мемлекет болып қалу деген нәрсе өте қиын болады деп ойлаймын.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ