Сананы жаңғыртуда қолжазбалардың мәні зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сананы жаңғыртуда қолжазбалардың мәні зор

24.01.2018

«Елбасы Жолдауы ұлттық сананы жаңартуға тың серпін берді», - дейді ғалымдар. Сирек қолжазбалардың ұлттық орталығында өткен жиында зиялы қауым өкілдері тарихи жадыны жаңғыртудың маңызына тоқталды. Ашылғанына 7 айдай болған мекемеде бүгінде 7 мыңнан астам қолжазба сақталған. Орта ғасырдағы ғұламалар мұраларының дені жеке тұлғалар қолында. Құнды дүниелер әлемнің әр түкпірінде шашырап жатыр. «Рухани жаңғыру үдерісіне орай осы жауһар жәдігерлерді елге әкелу - біздің борыш», - дейді ғалымдар.

Әміреқұл Әбуов, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары:

- Мақсат – Саудияда, Түркияда, Иранда, Үндістанда, Пакистанда жатқан қолжазбаларды осы орталыққа әкелу. Рухани сананың жаңғыруына бұл қолжазбалардың үлкен үлесі бар деп ойлаймын.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу