Оралда күйші-термешілер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда күйші-термешілер фестивалі өтті

20.03.2018

Оралда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық күйші-термешілер фестивалі өтті. Онда Құрманғазы, Дәулеткерей, Сүгірдің ескірмес туындылары орындалды. Сырлы сазға еліткен көрермендер жас таланттармен қатар, дәулескер күйшілердің өнерін тамалашады. Еліміздің әр түкпірінен келген домбырашылар өз аймағына тән күйшілік мектептің өрнегін паш етті. Ұлттық музыка ұлықталған думанды шара бұдан соң термешілер шеруіне ұласты. Сөздің маржанын сазбен жеткізген өнерпаздар алдымен, әннің тарихына тоқталды. Жиенбай, Шашубай, Кете Жүсіптің жыр жауһарларын жатқа соқты. «Көне дәстүрдің арқауын үзбей, сарынын бұзбай келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру - мақсатымыз», - дейді олар. 

Ұлжан Байбосынова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жыршы:

- Дәстүрлі музыкалық концерттер көбінесе Астанада, Алматыда өтетін. Енді өңірлерде бастау алып жатқаны қуанышты жағдай. Өйткені, қазіргі таңда халқымыз өзіміздің дәстүрлі музыкалық өнерге сусап отыр.

 

Н. ТОҒЖАН

Хабарламаларға жазылу