Астанада «Азаттық - ұлттың ары, Елбасы - елдің нары» атты тарихи-танымдық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Азаттық - ұлттың ары, Елбасы - елдің нары» атты тарихи-танымдық шара өтті

28.11.2018

«Азаттық - ұлттың ары, Елбасы - елдің нары». Осындай атаумен Астанада тарихи-танымдық іс-шара өтті. Кешке оқушылар мен студенттер, қала тұрғындары қатысып, тарихымыздың тереңіне қойылымдар арқылы бойлады. «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Тұңғыш Президент – Елбасы күніне арналған шараның салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді тануда маңызы зор. Кештің мақсаты - рухани құндылықтарды бағалау, сол арқылы жастардың санасына патриоттық сезімді сіңіру. Бағдарлама барысында тәуелсіздік жолында өлшеусіз үлес қосқан ата- балаларымыз туралы ұлы тұлғалардың өшпес рухын көрсететін диалог көрерменге ұсынылды. Елбасы бастамалары да жалпы халыққа көрсетілді.  

Ержан Еңсебай, Астана қаласы әкімдігінің «Руханият орталығының» басшысы:

Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында Ұлы дала есімдері, яғни, Ұлы даланың тұлғаларын, қазақтың көсемдерін насихаттау керек, танытуымыз керек деп үлкен мақсатқа назар аударып отыр. Сондықтан да, осы мақсатты орындау үшін бүгінгі іс шара барысында ұлы тұлғалардың ерен еңбектерін көрсеткіміз келді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу