Солардың бірі – Анна Савицкая. Ол 16 жасында өзі туып-өскен Украина жеріндегі майданның бел ортасынан табылады. Соғыстан кейін қызмет бабымен қазақ топырағына қоныс аударыпты.
Ұзақ жылдар теміржол саласында жұмыс істеп, осы жерден зейнетке шығады. «Ардагер майданда ғана емес, еңбекте де жанкештілік таныта білді», дейді кейінгі буын әріптестері.
Қайрат Тұрлыханов, «Вокзал-сервис» АҚ Президенті:
Тек қана мейрамда емес, әруақытта өзіміздің көмегімізді көрсетіп отырамыз бұл кісіге. Бүгінде соғыс ардагерлері, еңбек ардагерлері азайып барады жылдан жылға. Осы кісілерге көбірек көңіл бөліп, қарияларымызды ұмытпауымыз керек.
Анна Савицкая, соғыс ардагері:
Майданда тек үреймен өмір сүресің. Мен байланысшы болып қызмет еттім. Қажет кезінде аспаз да болдым. Жараланған жауынгерлерге дәрігерлік көмек те көрсеттім.
Шынар АСАНҚЫЗЫ