Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орал қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орал қаласына барды

05.02.2015
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орал қаласына барды

Орал қаласында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Энергетика министрі Владимир Школьниктің қатысуымен қазақстандық қамтуды арттыруға арналған форум өтті.

Жаһандық дағдарыс жағдайында елімізде өндірісті тұрақтандырып, жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу - аса маңызды міндет.

Бұл өнеркәсіпті оңтайландыру, қуат үнемдеу технологиясын кеңінен енгізу арқылы іске асады.

Бүгінде облыстағы ірілі-ұсақты үш мыңға тарта кәсіпорын жұмыс орындарын сақтау туралы міндеттеме алған.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу