Қалалық әкімшілік өкілдері көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларға барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Елімізден сұм соғысқа 1 миллион 200 мың адам аттанған еді.
Солардың жартысына жуығы ғана қан майданнан оралды. Шара соңында қарт майдангерлер қандыкөйлек достары мен замандастарын еске алды.
Мысалы Махамбетов, соғыс ардагері:
Олар бұл күнге жете алмай кетті. Енді соғыс болмасын. Бәріміз бақытты өмір сүрейік.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ