Астана төрінде әскери әндер шырқалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана төрінде әскери әндер шырқалуда

09.05.2014
Астана төрінде әскери әндер шырқалуда
Астананың аспанында бүгін кешкі 19.00-ден әскери әндер қалықтауда.
 
Әсем Изатқызы, тілші:
Жеңіс күнін мерекелеу таңсәріде басталған еді.  Кеш батса да, мейрам қыза түскендей. Батырларымыздың айбынына айбын, сесіне сес, сұсына сұс қосқан тарихи әндер үш сағаттан бері шырқалып жатыр. Олар әлдеқашан адамзаттың жүрегінің төрінен орын алған әндер. Жеңіске жетелеген рухты әндер еді. Сол өнегелі өлеңдерді өскелең ұрпақ, Тәуелсіз еліміздің  құрдастары, аға буын өкілдері  шырқады.
 
Бұл - ән от пен оқтың ортасында жүрген талай жауынгерге рух беріп, жеңіске жетелеген ән. Бәріміз білетін «Катюша».
 
Ерлан Сәбитов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
Халық әні «Ахау-керім», «Дедімай-ау» және Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Туған жер» әнін орындадық. Бүгінгі жастар жеңістің қалай жеткенін, бейбіт заманның қалай туғанын ән арқылы білулері керек. Мереке құтты болсын.
 
 
Әсем Изатқызы, тілші:
Бұл күн - Отан үшін қасықтай қаны қалғанша жаумен арпалысқан боздақтарымыздың ұрпағына тарту еткен теңдессіз сыйы. Сондықтан, 9-мамыр - біз үшін ерекше мереке. Батыр бабаларымыздың ерлігі ешқашан жадымыздан өшпейді. Ал, бүгінгі әскери ән кеші түнгі 23.00-ге дейін жалғасады.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу