Елордада өткен әскери шеруді қарағандылықтар арнайы экраннан тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада өткен әскери шеруді қарағандылықтар арнайы экраннан тамашалады

07.05.2014
Елордада өткен әскери шеруді қарағандылықтар арнайы экраннан тамашалады
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Елордада өткен әскери шеру Қарағанды көшелеріндегі  барлық лед-экрандардан көрсетілді.
 
Ал, Кеншілер Мәдениет сарайының алдында  арнайы саптық жиын болып, жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар  айбынды армиямыздың бүгінгі жетістіктерін тамашалады.
 
Елімізде жас ұрпаққа патриоттық тәлім-тәрбие беру мәселесіне тереңінен мән беріліп келеді. Сәйкесінше, жыл санап  Отан алдындағы борышын өткеруге құлшыныс танытушылардың да қатары артып отыр.
 
Бекдулла Қорғанбаев, Қарағанды облыстық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшесі:
Жыл сайын Қазақстанның Қарулы күштері нығайып, еліміздің егемендігін сақтау жолында жастардың патриоттық сезімдері артып келе жатқандығы бізді қуантады. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу