Қарағандыда әскери әндер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әскери әндер фестивалі өтті

08.05.2014
Қарағандыда әскери әндер фестивалі өтті
Қарағанды қаласындағы орталық саябақта Отан қорғаушылар күніне орай әскери әндер фестивалі өтті. Мерекелік шараға әскери бөлімнің сарбаздары мен офицерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, студенттер атынан жалпы саны 30-ға жуық өнерпаз қатысты.
 
Әскери әндер фестивалі осымен 5-ші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы да жұрт соғыс жылдарының сазын естіп, көзіне жас алды.
 
Сонымен қатар, осы кеште бірнеше жаңа әннің де тұсауы кесілді. Жұртшылық солдат ботқасынан дәм татып, әскери қостарды аралап көрді. Шараға қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
 
Мирас Құттыбай, Қарағанды облыстық Жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы:
Негізгі мақсат - өнерді және жастар арасында патриотизмді насихаттау.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
 
 

Хабарламаларға жазылу