Отан қорғаушылар күні Қарулы Күштердің құрылғанына 25 жыл толуына орай Астанада болған әскери парад жоғары деңгейде өтті. Бұл шараға 5 мың сарбаз, 400 бірлік құрлық және 70 әуе техникасы қатысты.
Әскери парадты өткізу кезінде Астанада барлық қауіпсіздік шаралары қабылданып сақталды. Халықтың бүгінгі қазақ әскеріне деген сенімі күшейді. Оны кешегі өткен әскери парадтың құрамынан анық аңғаруға болады.
Мәселен, бұрын санаулы ғана әскери киім үлгісіндегі сарбаздарды көріп келсек, қазір қызметі мен міндеті бөлек сан түрлі әскерилерді көруге болады. Олардың арасында әскери борышын өтеп жүрген қыздар да бар. Жедел операциялар бөлімшесі, арнайы жасақ сарбаздары, десанттық шабуылдаушы бөлім және бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген «Қазбриг» тобы бар.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ