14 наурызды әлемдік математиктер Пи санының халықаралық мейрамы ретінде тойлайды.
1916 жылы 14 наурызда Қазақстанның Халық әртістері, әйгілі әншілер ағайынды Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер дүниеге келді. Олардың репертуарында халық әндері мен қазақ композиторларының шығармалары, орыстың классикалық әндері бар.
1921 жылы 14 наурызда Түркістан Орталық атқару комитеті Верный қаласының атауын Алма-Ата деп өзгерту туралы декретті қабылдады. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстанның астанасы болды. 1993 жылы Алматы болып өзгертілді.
1935 жылы жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалихан Ысқақ дүниеге келді. Ол 20-ға жуық пьеса, бірнеше фильмдер сценариінің авторы.
14 наурызда Қазақстанның батыс облыстарындағы тұрғындар Наурыз мейрамын тойлауды бастайды. Бұл күні көптен көріспеген туыстар, жақын адамдар кездесіп, Көрісу немесе Амал мерекесін атап өтеді.