Жарқын Шәкәрім: Телевизия ұлттық дәстүрден оқшаулана бастағанда «Мен қазақпын» жобасы халықтың рухын көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарқын Шәкәрім: Телевизия ұлттық дәстүрден оқшаулана бастағанда «Мен қазақпын» жобасы халықтың рухын көтерді

06.02.2018

Ардагер журналист, жазушы Жарқын Шәкәрім «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Биыл Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы. 1958 жылы 8 наурызда Ұлттық арна өз жұмысын бастаған болатын.

Жарқын Шәкәрім қарашаңыраққа 80 жылдардың басында келді. «Түрлі мекеме бар. Бірақ, телевизияға жететіні некен-саяқ. Себебі, телевизия - жұртшылықтың айнасы», - дейді ардагер журналист.

1974 жылы Қырғыз еліне барып, Әміре Қашаубаевтың дауысын тауып, жұртшылыққа ұсынған зерттеуші 1980 жылдары Қамал Смайыловтың шақыртуымен музыкалық редакцияға келеді. Осы кезде қазақтың өнер майталмандары жайлы «Замана бұлбұлдары» деген атпен авторлық хабары шыға бастайды.

«Сұлтан Оразалин, Жүрсін Ерман, Серік Жанболат, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қанапия Мусин сынды қатары кем дегенде 100 адамнан тұратын белгілі тұлғалар қазақ телевизиясының негізін қалыптастыруға көп еңбек сіңірді, бүгінгі деңгейге жеткізді.   

Қазіргі арналар осы жолдан, ұлттық дәстүрден оқшаулана бастаған сәтте «Мен қазақпын» бағдарламасы шықты. Көп жобалар эстрадалық әндердің айналасында қалған кезде күллі қазақтың рухын көтерген жоба болды. Жақында құрылған Көркемдік кеңестің жұмысы жолға қойылса, арна жақсара түседі», - дейді журналист «Qazaqstan» арнасының бүгінгі келбеті туралы.

Қазақ телевизиясының ардагері сұхбат соңында «биыл Әміре Қашаубевтың 130 жылдығын ел болып тойласақ», - деген ұсынысын жеткізді.  

Хабарламаларға жазылу