Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерекесіне «Qyzylorda» телеарнасы тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерекесіне «Qyzylorda» телеарнасы тарту жасады

16.03.2018

Еліміздің барлық өңірінде Ұлттық арнаның  филиалы бар. Олар телеарнамен бірге өсіп, бірге жаңғырып, көрермендерді бірге қуантып келеді. Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерекесіне Сырдың сырлы сандығы - «Qyzylorda» телеарнасы тарту жасады. 

Қызылорда телеарнасы облыстық филиалдардың ішіндегі ең жасы, Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Осыдан 27 жыл бұрын алғаш рет  45 минуттық хабар таратса, қазір тәулігіне 18 сағат көрерменмен бірге. Ұлттық рухпен ұраны орайлас, рухани жаңғырумен бағыты сабақтас телеарна ұлттық болмысты ұлықтайтын құнды дүниелермен көпшілікті қуантып келеді.  Түп тамырын Ұлттық арнадан алған Қызылорда телеарнасы айтулы күні Астанаға ыстық лебіздерін жолдайды. 

Айсұлу Қасымова, «Qyzylorda» телеарнасы директорының орынбасары:

- Қазақ телевизиясының қара шаңырағында талай жас журналистиканың қазанында қайнады, кәсіби маман ретінде қалыптасты. Ал, ол кісілердің сара жолын кейінгі ұрпақ іліп әкетті. Ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Бүгінгі флешмобқа телеарнаның жастарымен бірге Қорқыт ата атындағы ҚМУ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер де атсалысты. 

Маржан Құрманғалиева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті:

- Міне, Сыр елінің басты арнасы, Ұлттық арнаның төл баласы «Qyzylorda»  телеарнасының 60 жылдыққа арнаған сыйы - осы. Қазақ телевизиясы жасасын! Ұлттық арна әрдайым қосулы болсын!

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу