«Таңшолпан» бағдарламасы көрермендер арасында Астананың 20 жылдығына орай жыр байқауын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы көрермендер арасында Астананың 20 жылдығына орай жыр байқауын жариялады

25.02.2018

Астанаға биыл 20 жыл. Елордамыздың туған күніне орай «Таңшолпан» бағдарламасы жыр байқауын жариялады.

Байқау талаптары:

  • Астанаға өлең арнау;
  • 1 минуттық бейнеролик дайындау;

Байқауда өлеңді мәнерлеп оқуыңызға, бейнероликті дайындауда креативті ойлауыңызға және қиялыңыздың ұшқырлығына басты назар аударылады.

«Instagram» әлеуметтік желісіндегі @tansholpan_tv  парақшасына жазылып, бейнероликті өз парақшаңызға #tansholpanbaikau хэштегі арқылы жариялайсыз және міндетті түрде tansholpantv@gmail.com электронды поштасына жолдаңыз. Бас жүлде 50 000 теңге. Айта кету керек, 1 айға созылатын жыр сайысына 15 жастан асқан барлық көрермен қатыса алады.

Хабарламаларға жазылу