Астананың құрдастары елорданың мерейтойына орай кездесу өткізіп, келелі сұхбат өрбітті. Жүздесу барысында 1998 жылы Астанада дүниеге келген қыз-жігіттер бас қалада жеткен жетістіктерін баяндады. Олардың бірі сахнада, бірі спортта, ал, енді бірі білімге бет бұрған. 20 жылдыққа орай Елбасы кітапханасы мерекелік шаралардың кестесін бекітті. «Астана – болашақтың қаласы» атты жиын да мерейтойлық жоспарға сай өтіп отыр.
Аида Беисова, қала тұрғыны:
- Астана менің өмірімде үлкен орын алады. Астанада тудым, өстім және де өз өмірімді Астанамен байланыстырамын.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.