Астанада мереке қарсаңында бір топ медицина қызметкері құрметтелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мереке қарсаңында бір топ медицина қызметкері құрметтелді

14.06.2018

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының басшылығы елорда әкімінің атынан ақ желеңділерге Алғыс хат табыс етіп, сый-сияпат көрсетті. Бүгінде қаладағы 36 ұйымда 20 мыңнан аса медициналық қызметкер еңбек етеді. Араларында бірнеше ұрпаққа ұласқан дәрігерлер әулеті де бар. Жылышырайлы басқосуда саланың хал-ахуалы, дәрігерлердің әлеуметтік жағдайы жайлы ұсыныс-пікірлер айтылды.

Гүлмира Қиықбаева, терапевт-дәрігер:

- Өзім терапевт-дәрігермін, жолдасым аллерголог. Енем мейірбике болып қызмет атқарған. Үш қайынапайым да медицина қызметкерлері. Кіші қызымды фельдшер мамандығына түсірдік. Бірінші курсты тәмамдайын деп отыр.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу