Республика бойынша алғаш рет «Саба той» мерекесі тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша алғаш рет «Саба той» мерекесі тойланды

26.06.2018

Шара Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Саба той» «Қымызмұрындыққа» дейін, яғни, желіге бие байлап, қыс бойы сақталған қордан дайындалған алғашқы қымыздың дәмін таттыруға арналған мейрам. Көрші-қолаң мен жақын-жұрағат, ауыл үлкендері шақырылады. Бүгінде ұмыт бола бастаған дәстүр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта жаңғырды. Сондықтан, облыс қалалары мен аудандары тегіс қатысты. Олар да құр алақан емес, ісмерлері мен аспаздарын, өнерпаздарын бірге ала келді. Мерекені ұйымдастырған облыс әкімі аппараты мен «Нұр –ана әлемі» қоғамдық бірлестігі.

Бақытжамал Максилова, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- «Саба той» деген жазды қарсы алу деген сөз. Бұрын қымызды әбден пісіріп теріден жасалған сабаға толтырып тұрып құятын болған. Халықтың барлық тілегі толығымен орындалсын деген ниетпен шөпілдетіп толтырып осы сабаға құйып әкелген.   

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу