Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті.
Алқалы жиында қоғамдық сананы жаңғырту және қоғамның әлеуметтік бірлігі мән-мәтінінде журналистер қауымы алдында тұрған міндеттер қаралды. TEDx конференциясы форматында шеберлік сабақтары өткізіліп, «Астана: татулық пен келісімнің 20 жылы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының мүшелері, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері марапатталды. Бұдан бөлек, Ұлттық арнадағы «Менің Қазақстаным» бағдарламасының продюсері Эля Цойдың «Это трудное счастье быть самим собой» атты кітабының тұсауы кесілді.
Леонид Прокопенко, ҚХА төрағасының орынбасары:
Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі тұрақтылықты сақтауда рөлі зор деп есептеймін. Өйткені, көптеген елдердің тәжірибесіне қарасақ, өз ішінде қақтығыстарға жол берген мемлекеттер өскен емес. Сондықтан, біртұтас бірлікті сақтауда Ассамблеяның тиімді тұсы көп. Ал, қоғамдық сананы жаңғырту мен қоғамның әлеуметтік әлеуетін арттыруда атқарар қызметі мол.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.