Авторлары кәсіби мүсіншілер емес, қарапайым жұмысшылар. Қаланы тіршілік нәрімен қамтып отырған мекеме қызметкерлері ескерткішті 20 жылдыққа тарту еткен. Туынды жеті қанатты. Қаптаған қалың қамыстан тамшы тамып тұр. Оның бел ортасына су туралы қанатты сөздер бедерленген. Жобаны жасап шығуға 60-тың үстінде құбыр және күміс түстес шарлар пайдаланылды. Сәулет өнері Ақбұлақ жағажайындағы саябақта орналасқан.
Табиғат Зейнулқабден, «Астана су арнасы» МКК бас директоры:
- Әр қанатында суды үнемдеу, судың қадірін білу, суды құрметтеу туралы жазылған. Оның бәрін екінің бірі білмейді. Саяжайда жастар, балалар көп жүреді. Су туралы көп нәрсе білсе деген мақсатпен қойдық.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.