Бүгін Ұлттық арнаның тілшілері қаланың ең көрікті жерлерінен тікелей эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнаның тілшілері қаланың ең көрікті жерлерінен тікелей эфирге шығады

06.07.2018

Астанада өтетін басты оқиғалар мен үлкен шаралар Ұлттық арнаның назарынан тыс қалған емес. Биыл да қаланың 20 жылдық мерейтойының қызығы мен басты ақпаратты көрерменге бірінші болып ұсынбақ. Бүгін Ұлттық арнаның тілшілері қаланың ең көрікті жерлерінен тікелей эфирге шығады.

13:00-де басталатын бүгінгі тікелей эфирдегі арнайы шығарылым 17:30-да тәмамдалмақ. Оған арнамыздың ең үздік жүргізушілері таңдап алынды. Қала тұрғындары мен қонақтарының ортасынан тікелей қосылым жасалып, мерекелік эфирде арнайы сыйлықтар табысталады және телеойындар өткізіледі.

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясының шілденің 2-8 аралығында көрерменге ұсынатын мерекелік сеткасында 10-нан астам деректі фильм мен арнайы жобалар бар. Солардың ең маңыздыларын көрермен бүгін тамашаламақ.

Ұлттық арнаның Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шығарылымынан қапы қалмаңыздар!

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу