Теріскейлік кәсіпорын жұмысшылар санын көбейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейлік кәсіпорын жұмысшылар санын көбейтеді

13.02.2015
Теріскейлік кәсіпорын жұмысшылар санын көбейтеді

Теріскейдегі бұқтырылған ет және жарма шығаратын кәсіпорын жұмысшыларының санын  екі есеге дейін көбейтудің қарекетіне кірісіп кетті. Тұтынушылардан аса ірі көлемде тапсырыс алған іргелі ұжым тағы да 40 адамды жұмысқа қабылдамақшы. 

Мұның барлығы да Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындауға бағытталған ауқымды жұмыстардың бір парасы, дейді кәсіпорын басшылығы. 

Бұқтырылған  ет пен дақылдар жасайтын кәсіпорынның құрылғанына биыл 18 жыл толды. Қазіргі күні елімізде мұндай 4 өндіріс ошағы бар. Олардың өнімдері дүкендерде саудаланады. Бірақ, ең  ірі тапсырыс  Қорғаныс министрлігінен түседі.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу