Еуропа чемпионатының «F» тобындағы Венгрия және Австрия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Венгрия құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Венгриялықтар сапынан алғашқы голды 62 минутта Адам Салаи салса, екінші голды екінші таймның 89 минутында Золтан Штибер соқты.
Сөйтіп, бұл матч Венгрия құрамасының жеңісімен аяқталды.
Австрия – Венгрия – 0:2
Гол: Адам Салаи 62, Штибер 89,
Австрия: 1.Альмер, 5.Фухс, 17.Кляйн, 3.Драгович, 4.Хинтереггер, 8.Алаба, 14.Баумгартлингер, 11.Харник (Шопф, 77), 10.Юнузович (20.Сабицер, 60), 7.Арнаутович, 21.Янко (Окотио, 64).
Венгрия: 1.Кирай, 4.Кадар, 2.Лонг, 20.Гузмич, 5.Фиоло, 8.А.Нодь, 10.Геро, 7.Джуджак, 15.Кляйнхайслер (18.Штибер, 80), 11.Немет (Пинтер, 90), 9.Салаи (19.Прискин, 69).
Қызыл қағаз: Драгович 66.