Қазақтандық өнеркәсіптерге тартылған инвестиция көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтандық өнеркәсіптерге тартылған инвестиция көлемі артты

13.02.2015
Қазақтандық өнеркәсіптерге тартылған инвестиция көлемі артты

Өзгелердің экономикасы екі өкпесін қолына алып деміккенде Қазақстанның өнеркәсіп өндірісіне тартылған инвестиция еселеп артты. Өткен жылды қорытсақ, бұл салаға салынған қаражат 70 миллиард теңгеге өсіп, жалпы көлемі 722 миллиард теңгені құрады.

Одан бөлек, шағын және орта бизнес өкілдері де қажетті қаражатты қолдарына алды. 2014 жылдың қаңтарында бұл салаға тартылған қаражат 153 миллиард 400 миллион теңге болса, желтоқсанда инвестиция көлемі 229 миллиард теңгеге бір-ақ шықты.

Осы тұста Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қазақстандық банктердің теңгемен несие беруді қайта жандандыратынын айтты. Әлемдік экономика қанша құбылса да қазақстандық қаржы нарығының тұрақтылығына көз жеткізген біздің банктер тоқтаған істі қайта қолға алады, деді бас банкир.

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу