Еуропа чемпионатының «Е» тобындағы Бельгия мен Ирландия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Бұл ойында Бельгия құрамасы Ирландияны 3:0 есебімен ұтты. Ойынның бірінші таймында құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.
Ал, екінші тайм бастала сала, яғни 48-минутта Ромелу Лукаку гол салып, есепті ашты. Араға 12 минут салып Аксель Витсель есепті 2:0-ге жеткізсе, 70-ші минутта Ромелу Лукаку дубль жасап, Бельгия құрамасына маңызды 3 ұпай сыйлады.