Еуро-2016. Исландия құрамасы Австрияны 2:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Исландия құрамасы Австрияны 2:1 есебімен ұтты

23.06.2016
Еуро-2016. Исландия құрамасы Австрияны 2:1 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «F» тобындағы Исландия мен Австрия құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Исландия құрамасы Австрияны 2:1 есебімен ұтты. Бірінші таймның 18-ші минутында Исландия құрамасының футболшысы Йон Бедварссон гол салып, құрамасын алға шығарды.

Екінші таймның 60-шы минутында Алессандро Шопф есепті теңестіріп кетті. Ал, төреші қосқан қосымша минутта Исландия құрамасының футболшысы Арнор Траустасон құрамасының жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

Айта кетейік, Исландия құрамасы «F» тобында 5 ұпай жинап, екінші орынмен чемпионаттың плей-офф кезеңіне өтті. Ал, Австрия құрамасы 1 ұпаймен төртінші орын алды.

Исландия – Австрия 2:1             

Гол: 1:0 – 18 Бедварссон, 1:1 – 60 Шопф, 2:1 - 90+3 Траустасон.

Исландия – Хальдерссон, Сигурдссон, Скуласон, Сэварссон, Арнасон, Гудмундссон, Гуннарссон, Сигурдссон, Бьярнасон, Бедварссон (Бьярнасон, 71), Сигторссон (Траустасон, 80).

Австрия – Альмер, Кляйн, Хинтереггер, Предль (Шопф, 46), Алаба, Арнаутович, Ильзанкер (Янко, 46), Драгович, Забитцер (Янчер, 78), Фукс, Баумгартлингер.

Хабарламаларға жазылу