Еуро-2016. Польша командасы Швейцарияны ұтып, ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Польша командасы Швейцарияны ұтып, ширек финалға шықты

25.06.2016
Еуро-2016. Польша командасы Швейцарияны ұтып, ширек финалға шықты

Еуро-2016 жарысында 1/8 финал ойындары басталды. Алғашқы матчта Польша мен Швейцария кездесті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Голдарды Якуб Блащиковски мен Джердан Шачири соқты. Ал, матч соңындағы пенальтиде швейцариялық жартылайқорғаушы Гранит Джака мүлт кетті.

Енді ширек финалда Польша құрамасы Хорватия-Португалия матчының жеңімпазымен кездеседі. 

Еуропа чемпионаты. 1/8 финал

Швейцария – Польша – 1:1 (0:1, 1:0, 0:0). Пенальти – 4:5

Голдар: Блащиковски, 39 (0:1). Шачири, 82 (1:1).

Пенальтилер сериясы: Лихтштайнер – 1:0. Левандовски – 1:1. Джака – 1:1 (мимо). Милик – 1:2. Шачири – 2:2. Глик – 2:3. Шер – 3:3. Блащиковски – 3:4. Родригес – 4:4. Крыховяк – 4:5.

Швейцария: Зоммер, Лихтштайнер, Джуру, Шер, Родригес, Шачири, Джака, Бехрами (Фернандеш, 77), Джемаили (Эмболо, 58), Мехмеди (Дердийок, 70), Сеферович.

Польша: Фабяньски, Пищек, Паздан, Глик, Енджейчик, Блащиковски, Мончиньски (Йодловец, 101), Крыховяк, Грощицки (Пешко, 104), Левандовски, Милик.

Ескертулер: Шер, 55. Енджейчик, 58. Паздан, 111. Джуру, 117.

Хабарламаларға жазылу