Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі алғашқы Польша мен Португалия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Португалия құрамасы Польшаны ойын соңындағы пенальти серисында 5:3 есебімен ұтты. Ойынның негізгі минутында құрамалар 1:1 есебімен тең ойнаған еді.
Алғашқы голды бірінші таймның 2-ші минутында Польша құрамасының футболшысы Роберт Левандовски гол салып, есепті ашты. Ал, 33-ші минутта Ренату Саншеш есепті теңестірді.
Ойынның екінші таймда гол соғылмады.