«Валенсия» өз алаңында «Малаганы» жеңе алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Валенсия» өз алаңында «Малаганы» жеңе алмады

05.12.2016
«Валенсия» өз алаңында «Малаганы» жеңе алмады

Желтоқсанның 4-інен 5-іне ауған түні Ла Лиганың 14-ші туры аясында «Валенсия» өз алаңында «Малаганы» қабылдады. Ойыны 2:2 есебімен тең аяқталды. 

Алғашқы минуттардан бастап қонақтар шабуылдарын белсенді жүргізіп, 3-ші минута кездесудегі есепті ашқан болатын - 0:1.  Гол авторы - Пабло Форнальс. Ол айып алаңнан сыртынан жойқын соққы жасап, қарсылас команда қақпашысы еш әрекет істей алмады.

Валенсиялықтардың жауабын көп күткен жоқпыз. Кездесудің 7-ші минутында Родриго көтерілген допты басымен қақпаға бағыттап, ойындағы есепті теңестіріп кетті - 1:1.

Ал, 34-ші минутта «Валенсия» ойыншысы Альваро Медран  тағы бір жойқын соққымен өз командасын алға шығарды - 2:1.

Кездесудің соңғы минутында «Малага» ойыншылары Пабло Форнальстің екінші голы арқасында есепті теңестіріп, бір ұпайды қоржындарына салды - 2:2.

Естеріңізге сала кетейік, «Валенсия» - «Малага»  кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

«Валенсия» - «Малага» кездесуіне видеошолу

 

Хабарламаларға жазылу