Алматылық «Қайрат» ФК 2017 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
Суперкубок үшін талас елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында өтті. Кездесудің 76-минутында «Қайрат» ойыншысы Сесар Арзо сол қапталдан Бауыржан Исламханның көтерген добын қақпаға дәл бағыттап, өз командасын алға шығарды. Ал, матчтағы соңғы нүктені есепті 0:2-ге жеткізген Исламбек Қуат қойды.
«Астана» - «Қайрат»: Арзоның голы - 0:1 (ВИДЕО)
«Астана» - «Қайрат»: Исламбек Қуаттың голы - 0:2 (ВИДЕО)
Қазақстан Суперкубогы - 2017
«Астана» - «Кайрат» 0:2
Голдар: Сесар Арзо (76'), Исламбек Қуат (90+3')
«Астана»: Ненад Эрич, Марин Аничич, Аздрен Ллулаку, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Патрик Твумаси, Юрий Логвиненко, Джуниор Кабананга, Евгений Постников, Дмитрий Шомко
«Кайрат» : Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Гафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль да Сильва Барбоза, Жерар Гоу, Сесар Арзо, Андрей Аршавин