Елімізде жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітіледі.
Орталық және жергілікті атқару органдары бірігіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалардың санын нақтыламақ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа мәжілісінде Тамара Дүйсенова айтты.
Жоспарды жүзеге асырудың бірінші жылында азаматтар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға тартылмақ.
Жиынға қатысқан вице-премьер Бердібек Сапарбаев министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ