Қазақ футболының бүгіні мен ертеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ футболының бүгіні мен ертеңі

25.04.2018

2022 жылы еліміздегі орта мектептердің 1-4-сыныптарының оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізіледі. Сонымен қатар, аймақтарда «Жас Қыран» лигасы құрылып, жасөспірімдер арасындағы тұрақты біріншілікке айналады. Бұл туралы бүгін Қазақстан футбол федерациясының 17-ші конференциясында қауымдастықтың бас хатшысы Азамат Айтқожин мәлімдеді. Қазір еліміздегі футбол орталықтарында 6175 бала жаттығады. Жалпы, 200 мың жеткіншек осы ойынмен айналысады. Алайда, доп тебетін алаңдар жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін «Алға, Қазақстан» атты футболды дамыту бағдарламасы қабылданды. Енді кәсіби командалардың жеке академиясы болуы керек. Сонымен қатар, федерация жанындағы техникалық орталықтың да жұмысы сынға алынды. Себебі, кәсіби жаттықтырушылар дайындауы тиіс орталықта біліктілігі төмен мамандар жұмыс істейді. Бұл олқылықты жоюға УЕФА-дан арнайы футбол мамандары шақырылды. Жиында жасөспірімдер командалары құрылатыны да сөз болды.

Қанат Мұсатаев, «Тараз» футбол клубының директоры:

- Құрама команда мұнда тек қана ресми 17 жасқа дейін Еуропаның турнирі болатын еді. Енді 14 жастан бастап жатырмыз. 14-15 жастағы балалардан құралады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу