Алысқа шапқан «ЦСКА» «Барыстан» сүрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алысқа шапқан «ЦСКА» «Барыстан» сүрінді

20.09.2016
Алысқа шапқан «ЦСКА» «Барыстан» сүрінді

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кездесуде астаналық «Барыс» мәскеулік «ЦСКА-дан» басым түсті. 

«Барыс» — «ЦСКА» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

Шайбалар:
1:0 — 02:24 Трясунов (Рымарев, Гренц).Теңдікте
2:0 — 26:20 Рымарев (Семёнов, Старченко). Көпшілікте
3:0 — 42:27 Доус (Сен-Пьер). Теңдікте
4:0 — 55:19 Старченко (Трясунов, Худяков).Теңдікте

«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Боченски-Сен-Пьер; Трясунов-Баркер, Шин-Кучин-Иванов; Шалапов-Липин, Гренц-Старченко-Рымарев; Лобанов, Худяков-Бельгибаев-Гурков, Панюков;

ЦСКА: Фаст — Ожиганов-Денисов, Энлунд-Кугрышев-Скотт; Пивцакин-Киселевич, Холлоуэй-Попов-Да Коста; Панин-Науменков, Жарков-Андронов-Столяров; Мясищев, Основин-Карнаухов-Квартальнов, Мамин.

Штраф: 2:4 (2:0, 0:4, 0:0)

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі жеңіліске дейін мәскеулік «ЦСКА» 10 кездесуге созылған жеңіс сериясына ие болған еді. Осыған қарамастан «ЦСКА» сол бұрыңғыдай лигада да, «Батыста» да көш бастап келеді. Ал «Барыс» өз конференциясында 14-ші орында, ал чемпионатта 26-шы орында келе жатыр.

Хабарламаларға жазылу