«Kazsport» телеарнасы «Югра» - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Югра» - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

09.12.2016
 «Kazsport» телеарнасы  «Югра»  - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» сырт алаңда ханты-мансийсктік «Югра» ХК-мен кездеседі. Аталмыш матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 20:25-те.

Бұл матчқа дейін «Барыс» чемпионатта 37 ойын өткізіп, турнирлік кестеде 50 ұпаймен 20-орында келе жатыр. Ал, қарсылас команда 39 кездесу өткізіп, 42 ұпаймен 27-орынға тұрақтаған.

Екі команда арасындағы соңғы кездесу 9 қыркүйек күні өтіп,  «Барыс» өз мұзайдынында 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу