Қанат Ислам Сыр спортшыларына шеберлік сабағын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам Сыр спортшыларына шеберлік сабағын өткізді

02.06.2016
Қанат Ислам Сыр спортшыларына шеберлік сабағын өткізді

Қызылордадағы  «Тарлан» бокс орталығында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Сыр спортшыларына шеберлік сабағын өткізді.

Бұл туралы Қызылорда облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Қазақстандық боксшы шеберлік сабағын өткізу барысында үлкен спортта толағай жетістікке жету жолдарын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Айта кетейік, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Қанат Ислам кәсіпқой бокста 21 кездесуінде жеңіске жетіп, соның 18 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Хабарламаларға жазылу