Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіндегі айқын жеңісінен кейін Boxrec.com. порталы нұсқасы бойынша рейтингте 234-ші орынға көтерілді. Бұған дейін ол 995-орында тұрған еді, деп жазады Sports.kz.
Сондай-ақ, Қанат Ислам 80-ші орынға (бұған дейін 96-сатыда болған), Жанқош Тұраров 180-ші орынға (230-дан), Руслан Мырсатаев — 630-ға (699-ден), Әли Ахметов — 366-ға (406-ден), Айдар Шарипбаев — 294-ке (550-ден) және Жұман Жұмабеков — 1194-ші орынға көтерілді.