Заңға 1 мыңнан астам түзету енгізілмек. Парламенттің талқылауды бастағанына 200 сағаттан астам уақыт өткен.
Ал, халық болса, қазір соңғы ақшаларын жаратып дүкендердегі арзан тауарларды жаппай сатып алуда.
Оған қоса экономикалық қысылтаяң шақта жекелеген компаниялар жұмыстарын тоқтатқан. Тиісінше елді жұмыссыздық жайлап барады.
Сарапшылар егер Франция тез арада оңтайлы шешім таппаса Грекияның кебін киюі мүмкін, деп болжады.
Жығылғанға жұдырық бүгін кәсіподақ ұйымдары шеруге шықты. Ал, алдағы 10 күннің ішінде Еуропалық Комиссия Франция бюджетін жоспардағыдай орындай алды ма, жоқ па соны тексермек.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ