Бүгін Мәжілісте 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы қаралады.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.
Сондай-ақ, 10-наурызға дейін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Президент қарауына жіберілмек.
Ал, экономиканы «долларсыздандыру» мақсатында жүзеге асатын шаралардың бірі - пәтер мен автокөлікті қолма-қол ақшаға сатып алуға шектеу жасау болмақ.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ