Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

04.04.2018

Мексикалық былғары қолғап шебері мен отандасымыз мамырдың 5-і күні қарымта жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда, арнайы баспасөз жиынын өткізген Канеллоның командасы дәл осындай шешім қабылдағанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында Альварестің қанынан екі рет тыйым салынған кленбутерол препараты анықталған болатын. Осы іске қатысты арнайы комиссияның жиыны 18 сәуірге жоспарланған. Егер мексикалықтың кінәсі дәлелденсе, ол бір жылға дейін үлкен спорттан шеттетілуі мүмкін. Ал, өз кезегінде бірнеше тұжырым бойынша чемпиондық атағын сақтап қалған Головкин қалай болғанда да 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын жеткізді. Әзірге оның жаңа қарсыласының есімі белгісіз.      

Сауль Альварес, кәсіпқой боксшы:

- Қазір менің таза боксшы екендігіме күмәнмен қарайтындар көбейгені белгілі. Алайда, мен барлығын ашық айтқым келеді. Ешқандай тыйым салынған препарат қабылдаған жоқпын. Осындай жағдай қайталанбас үшін енді өте сақ боламын. Барлық жанкүйерлерім мен демеушілерімнен кешірім сұраймын.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу