Биылғы «Қазақстан Барысына» қатысатындардың ең жасы, салмағы жеңілі, ауыры кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы «Қазақстан Барысына» қатысатындардың ең жасы, салмағы жеңілі, ауыры кімдер?

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан Барысына» жолдама алған спортшылар арасында басты бәсекеге тұңғыш рет қатысып отырған палуандар жетерлік. Мәселен, финалдық кезеңге шыққан 34 жігіттің 12-і биыл Астана боз кілеміне алғаш шықпақ. Ал, 6 жыл қатарынан ақтық бәсекелердің барлығына қатысқан тек бір ғана палуан бар. Ол - Айбек Нұғымаров. Салмақ жөнінен де «Шығыс Барысы» көш бастап тұр. Ең жеңіл палуандар тізіміне Ерназар Хамзин, Айбол Айтбек және Алтынбек Аусағитов кіріп отыр.

Боз кілемнің көрігін қыздыратын батырлардың арасындағы ең жасы - маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов. Сақа палуандар тізімінде 1984 жылы дүниеге келген қостанайлық Ерлан Омаров тұр.

Жалпы, «Қазақстан Барысы» турниры ұйымдастырылғалы бері Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысына үш рет жеңіс әкелді. Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов Шығыс Қазақстанға бас бәйгені екі мәрте сыйлаған. Тұңғыш барыс атанып, Сыр еліне жалғыз жеңіс сыйлаған Ұлан Рысқұл да осы тізімде. 

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің басты ақпарат таратушысы.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу