Биылғы турнирдің ең ауыр палуаны Кенжебек Күзембаев Ерназар Хамзинді басымдықпен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы турнирдің ең ауыр палуаны Кенжебек Күзембаев Ерназар Хамзинді басымдықпен ұтты

02.07.2017

17-ші жұп - Батыс Қазақстан облысынан келген Ерназар Хамзин мен атыраулық Кенжебек Күзембаев.

Ерназар Хамзин Жеңіс Стамғазиев есімді бапкердің қол астында жаттығады. Ол жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының 2011 жылғы күміс жүлдегері. Қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Лақап аты  - «Қожа». Айта кету керек,  биылғы турнирге Батыс Қазақстан облысынан 2 жаңа палуан келді.

Ерназар Хамзиннің қарсыласы – атыраулық Кенжебек Күзембаев. «Қазақстан барысына» 2012 және 2016 жылдары қатысқан. Жарыстағы ең ауыр палуан. Салмағы – 145 кг 800 гр.

Белдесудің аяқталуына 29 секунд қалғанда Кенжебек Күзембаев қарсыласын таза ұтты.

Келесі айналымда Кенжебек Күзембаев Алматы қаласының өкілі Руслан Әбдіразақовпен жолығатын болды.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу