Алматылық палуан Руслан Әбдіразақов атыраулық Кенжебек Күзенбаевпен күш сынасты. Қос палуан арасындағы бұл белдесу Руслан Әбдіразақовтың таза жеңісімен аяқталды.
Келесі айналымда ол ағасы Ұлан Рысқұлмен жолығады.
Айта кетсек, Кенжебек Күзенбаев - бүгінгі турнирдегі ең ауыр палуан (145,8 кг). «Қазақстан барысына» 2012 және 2016 жылдары қатысқан. Бірінші айналымда батысқазақстандық Ерназар Хамзиннен басым түсті.