Алматы облысының палуаны Ұлан Рысқұлдың салмағы – 130 келі болса, Руслан Әбдіразақовтікі – 120 келі. 2011 жылы Руслан Әбдіразақов ағасына жол берген болса, ағайындылар бүгін бозкілемде белдесті. Тартыс Ұлан Рысқұлдың таза жеңісімен аяқталды. Ол - жартылай финалға шыққан төрттіктің қатарында.