Ресей спортшылары 2018 жылы Кореяда өтетін Қысқы Олимпиадаға қатыса ма, қатыспай ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей спортшылары 2018 жылы Кореяда өтетін Қысқы Олимпиадаға қатыса ма, қатыспай ма?

05.12.2017

Бүгін Швейцарияның Лозаннасында Халықаралық олимпиада комитеті осы мәселе бойынша шешім шығарады. Допингке қарсы агенттік пен көптеген спортшылар ресейліктердің Пхенчханға бармағанын қалап отыр.

Ресей болса, допингті мемлекеттік деңгейде қолдағанын жоққа шығарып, халықаралық жанжалдың саяси астары бар деп шағымданып келеді. Болжамдарға қарағанда бұл мемлекеттің алдағы Олимпиадаға қатысуына толық тыйым салынады немесе оның спортшылары Ресейдің туын ұстамай, әнұранын шырқамай қатысуы мүмкін. 

Айта кетейік, Ресейдің 20-дан астам спортшысы 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында допингпен ұсталып, өмір-бақи ойындардан аластатылған. Бірақ, Кремль олардың мүддесін қорғауға әзір екенін мәлімдеді.

Дмитрий Песков, Кремль баспасөз хатшысы:

- Тағы қайталап айтамын, біз атлеттеріміздің мүддесін қорғаймыз. Әзірге үнсіз отыруды қалаймыз. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін күтеміз. Ең бастысы - қағаз жүзінде ресми ақпарат алғанша күте тұрамыз.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу