Бүгін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың төрт түрі бойынша сынға түсті.
Биталоннан 10 км із қуу сайысы өз мәресіне жетті. Бұл сынға құрама сапынан екі отандасымыз Галина Вишневская мен Дарья Климина жолдама алған болатын. Вишневская 20-шы орынмен, Дарья Климина 57-орынмен жарысты аяқтады. Ал, спринт сайысында үздік алпыстыққа енген жалғыз отандасымыз Роман Еремин 52-орынға тұрақтады.
Фристайлдан отандастарымыз Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, финалдық бәсекелерге тікелей жолдама алған болатын. Финал қорытындысы бойынша Колмаков 76.10 ұпаймен 7-орынға, Рейхерд 58.64 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.
Ал, конькимен жүгіруден отандасымыз Екатерина Айдова 1 500 метр қашықтықты 1:59.05 минутта сырғанап, жарысты 18-ші орынмен аяқтады. Сайысты бүгін 00:05-те «Qazsport» арнасынан көре аласыздар.